13 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №141

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс еретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Б.Сұлтанов. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №141 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі 1. Ауыл шаруашылық тауарлары: 1) бидай және меслин: қатты бидай; егіске арналған спельта; басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер; 2) қара бидай; 3) арпа; 4) шитті мақта; 5) таралмаған мақта талшығы; 6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған; 7) мақта тұқымы; 8) рапс, рапс тұқымы. 2. Өнеркәсіп тауарлары: 1) тантал сынығы; 2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары; 3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдар: жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш, төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер, құбырлар, түтікшелер; 4) сүрек, ағаш материалдары; 5) мұнай; 6) этилбензол; 7) стирол; 8) пентан; 9) изо-пентан. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10645 болып енгізілді.